• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 02:06:31
Алматы
+35°

Алматыда еріктілер құрбандыққа шалынған етті мұқтаждарға таратуға көмектеседі. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткен онлайн- брифинг барысында, Алматы қаласы Наурызбай ауданының «Әбу Бәкір» мешітінің Бас имамы Әсет Аташов айтты.

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және тұрғындар қауіпсіздігін сақтау мақсатында, 31 шілде мен 2 тамыз аралығындағы Құрбай айт мейрамы кезіндегі құрбандық шалу рәсімі онлайн форматында өтетін болады. Құрбандық шалуға өтінішті Qurban2020.kz порталына кіру арқылы бере аласыздар. Сол жердегі қажетті жолақтарды толтырып, құрбандыққа шалатын малды тандап, ақшасын төлеу керек. Құрбандық шалынғандығы туралы есеп, тапсырып берушіге жіберілетін болады.

Сонымен қатар, сайт арқылы мұқтаж жандар етті алуға өтініш тастай алады. Сондай-ақ әкімдікте әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар тізімі бар. Оларға өтініш берген- бермегеніне қармастан ет берілетін болады.

Қиын жағдайда қалған адамдарға көмек беру мақсатында арнайы штаб құрылған болатын.

– Құрбандыққа шалынған еттер мұқтаж отбасыларға берілетін болады. Бұл үшін Алматыда арнайы штаб құрылды. Сондай- ақ еріктілер де бұл қайырымды іске жұмылдырылды, – деді мешіт имамы Әсет Аташов.

Алматы қаласы әкімдігі карантиннің алғашқы күнінен бастап ( 16 наурыз, 2020 жыл), Жастар лофт оталығының базасында шұғыл еріктілер штабын құрған болатын. Оның құрамына қала еріктілері мен медицина және қоғамдық мекемелер кірді. Штабтың негізгі жұмысы- мұқтаж жандарға көметкесу. Еріктілер қауіпсіздігі үшін жеке қорғанатын жағдай жасалды ( арнайы киімдер, маска, стерильді қолғап, бахила, антисептик). Сондай-ақ арнайы транспортпен және тамақпен қамтамасыз етілді.

Еріктілер күн сайын сағат 8.00- 20.00-ге дейін демалыссыз жұмыс жасайды. Телефон 8(727)279-16-91

– Егер біз ауырып тұрып көшеге шықсақ, айналамызға үлкен зиян келтіреміз"- Алматы қаласының имамдары карантин шараларын сақтауға шақырды. Қаланың өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифингте, Алматы қаласының Наурызбай ауданы "Әбу Бәкір" мешітінің Бас имамы Әсет Аташов, Алматы тұрғындарын эпидемияға қарсы ережелерді қатаң сақтауға шақырды.  Егер біз бір жерде ауру шыққанын естіп тұрып сол жерге барсақ, онда өз-өзімізге зиян келтіреміз деген сөз. Ал егер ауырып тұрып көшеге шықсақ, онда өз-өзімізге зиян келтіреміз. Өзіңе немесе айналаңдағы адамдарға зиян келтіру - күнә. Сондықтан барлығын санитарлық талаптарды сақтауға шақырамын. Маска тағып, арақаштықты сақтап, адам көп жиналатын жерлерге барудан бас тартуға шақырамын, – деді имам.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда эпидемиологиялық сақтық шаралары жан- жақты жүргізіліп жатыр. Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында, 31 шілде - 2 тамыз аралығындағы Құрбан айт мейрамы кезінде төмендегі шараларға тыйым салынады:

1) жеке үй аумағында, медреселерде, жеке меншік иелігіне қарамастан адамдарды жинап, шаралар өткізу;
2) мал сою немесе ұйымдастыру, Алматы қаласы аумағында көлікпен немесе жеке үй шаруашылығында мал сату,
3)31 шілде - 2 тамыз аралығында Алматы қаласының орталық мешітімен бірлесе отырып, онлайн түрде құрбандық шалатындарды қоспағанда, мал соятын цехтар мен базарлардың жұмысын тоқтатылады;

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір