• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:26:26
Алматы
+35°

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Сәкен Сейтжаппарұлы Сәрсенов ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорда сайты.

Сәкен Сәрсенов 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Маятас ауылында дүниеге келген.

Бұған дейін байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы, инвестиция және даму министрлігінің вице-министрі (2014-2016) қызметін атқарған.

2017 жылдың 6 ақпанынан бастап 2020 жылдың шілде айына дейін "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы болған.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: министр

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір