• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:30:36
Алматы
+35°
Белорусь президенті Александр Лукашенко өзінің сайлауалды бағдарламасында алдағы 5 жылда референдум арқылы конституцияны өзгертуге уәде берді. Бқл туралы euroradio.fm сайты хабарлады.

"Белорусьтіктер жалпыхалықтық талқылау арқылы өзінің құқығын, еркіндігін, міндетін және мемлекеттік органдардың өкілеттілігін анықтайтын болады" делінген Лукашенконың бағдарламасында.

Сондай-ақ ол ел конституциясына президенттікке әскерде болған адам ғана үміткер бола алатындай өзгеріс енгізуді ұсынып жүр.

9 тамыз күні Беларусьте президент сайлауы өтеді. 1994 жылдан бері билікте отырған Лукашенко өзін алтыншы мерзімге ұсынып отыр. Алайда соңғы кезде елде оған қарсы акциялар көбейген. Қарсы тарап президенттің әлеуметтік-экономикалық саясаты сынға алуда.

30 шілде күні елде ең ірі митингтердің бірі өтті. Оған 63 мың адам қатысқан.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Лукашенко

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір