• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:29:37
Алматы
+35°

Ливан астанасы Бейруттағы екі жарылыстан кемі 78 адам қаза тауып, 4000 мыңға жуық адам түрлі дене жарақатын алған. Қаланың бірнеше кварталы түгелдей қираған. Тұрғындар қирандылардың астында қалып қойғандықтан, апат құрбандарының саны артуы мүмкін, деп хабарлады ВВС.

ВВС тілшілері жарылыстан қала портына үлкен залал келгенін, бұл ел импорты үшін үлкен соққы болуы мүмкін екенін жазды.

Жарылыстың жойқын болғаны соншалық дүмпу Бейруттан 240 шақырым жердегі Кипр аралына естілген.

Жергілікті билік дерегінше, Бейруттағы ауруханалар адамға толы.

Ливан президенті Мишель Аун елде үш күнге қаралы күн жариялап, жарылыс салдарын жою үшін 66 млн доллар бөлінетінін мәлімдеді.

 

Ресми ақпаратқа сәйкес, жарылысқа портта ұзақ уақыт бойы қауіпсіздік талаптары орындалмай сақталып келген үлкен көлемдегі аммоний нитратының жарылуы себеп болған. Президент сөзінше, 2750 тонна аммоний нитраты портта 6 жылдан бері сақтаулы тұрған. Ешқандай қауіпсіздік шаралары қадағаланбаған.

 

Аммоний нитратының селитра аммиагы деген де атауы бар. Азот тыңайтқышы және жарылғыш зат ретінде жиі қолданылады.  

Жарылған аммиак селитрасы атмосфераға тарағанда улы газ бөлінеді.

Ливандық LBC International телеарнасының хабарлауынша, портта дәнекерлеу жұмыстары жүріп жатқанда ұшқыннан пиротехника, артынан Аммоний нитраты  өртенген.

Жарылыс салдарынан Қазақстан елшілігі ғимаратына залал келген. Адам шығыны жоқ. Қазақстандық бір консул жеңіл жарақат алған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Бейруттағы жарылыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір