05 Тамыз, 2020 NEWS

Еріктілер ерледі: Апта сайын тазалық акциясын өткізеді

Көрнекі сурет

Текелі қаласының еріктілері ерлеп тұр. Олар әлеуметтік жағынан төмен отбасылар мен жетім-жесір, ауру-сырқауларға, тосыннан жәрдемге зәру болып қалғандарға көмек қолын созуда. Жақсылық жасауға жарыса ұмтылып, барымен бөлісіп, ортақ мақсатқа жұмыла атсалысуда.

Атап айтсақ, «Керімбек би» мешіті жамағатының бастамасымен қалалық ауруханасына оттегі концентраторы, қорғаныс киімдері (10 дана), қорғаныс бетперделері (5 дана), респиратор KN 95 (50 дана) сыйға тартылды.

Құрбан айт мейрамы қарсаңында игі шараны қолға алып, өз қолдарынан келген көмегін көрсетіп жатқан мешіт жамағатының қайырымдылығы – береке-бірліктің үлгісі.

Текелі қаласындағы «Мейірім» тобында 40 ерікті бар. Жыл басынан еріктілер үш рет «Ардагерлерді ардақтайық» акциясын өткізді.  «Шапағат» қарттар үйінің ауласына тазалық акциясын жасады және Тыщенко Михаил Абрамович соғыс ардагеріміздің ауласын қыс мезгілінде қардан тазалап, әктеп бояу жұмыстарын жасады. Еріктілер еліміздегі төтенше жағайға байланысты қиын кездері 204 отбасына азық-түлік, қаламыздың тұрғындарына 1520 бетперде таратты. Еріктілер апта сайын қалада тазалық акциясын өткізуде.

Ілмек сөздер: еріктілер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір