• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:02:01
+35°

Алматы полициясы: мыңнан астам адамға карантин нормаларын сақтамағаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Азаматтардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың, сондай-ақ гигиена стандарттарының сақталуын бақылау мақсатында Алматы қаласында Әкімдік, СЭС және полиция қызметкерлерінің арасынан арнайы мониторингтік топтар құрылды. 5 шілдеден бастап ҚР ӘҚбК-нің 425-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке 1 мың 022 адам тартылды, олардың 90-ы өткен күні анықталды.

«Азаматтардың көп келетін орындары, қызмет көрсету, тамақтану орындары және т. б. үнемі тексеріліп отырады. Сонымен қатар, санитарлық дәрігердің талаптарына сәйкес келмейтін массаж, сұлулық салондары, барлар, мейрамханаларды анықтау бойынша жедел бөлімшелер жұмыс істейді. Арнайы рейдтер барлық жерде және тұрақты негізде жүргізіліп отырады», — деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы карантин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір