• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:25:59
Алматы
+35°

Алматы облысы Есік қаласында арты жарылысқа ұласқан жол апаты болды. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"6 тамыз сағат 10:15 шамасында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласы  "Әлем Ойл" жанармай бекетінің аумағында Land Cruiser Prado автокөлігі газ цистернасына соғылып, салдарынан жарылыс туындап, Hyundai Tucson және Land Cruiser Prado көліктері өртенді. Сонымен қатар 700 шаршы метр аумақты алатын құрғақ шөп өртке оранды. Алматы облысы төтенше жағдай департаменті өртті сағат 10:52-де ауыздықтады" делінген жергілікті ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Оқиға салдарынан денесін күйік шалған 72 жастағы Land Cruiser Prado көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Денесінің 90%-ы күйіп қалған, қазіргі кезде ауыр халде жатыр. Екінші зардап шеккен адам 1990 жылғы жанармай бекетінің қызметкері. Кеуде тұсынан жарақат алған азамат медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне босатылды.

Жанармай бекетіне жақын орналасқан көпқабатты және жер үйлерге өрттен зақым келген жоқ.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: өрт

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір