• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 22:27:31
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанда қанша адамға коронавирусқа қарсы тегін вакцина салынатынын мәлімдеді.

Оның сөзінше, Қазақстан GAVI, CEPI, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен халықаралық корпорациялар және вакцина өндірушілері бірлесе әзірлеген "COVAX Facility" бағдарламасына енген.

Бағдарлама құрамындағы елдерге халқының 20 пайызына вакцинация жасауға мүмкіндік беріледі.

Қазақстанда созылмалы сырқаттармен ауыратындарға, жүрек-қан тамырлары сырқатына шалдыққан 65 жастан асқан азаматтарға, қант диабеті мен өкпенің созылмалы дертіне шалдыққандар мен медицина қызметкерлеріне жалпы жиынтығы 2 182 000 адамға вакцинация тегін жасалады.

GAVI дерегі бойынша, табыс деңгейі орташа елдер үшін КВИ-ге қарсы вакцинаның бір дозасы 10-20 доллар арасында болады. Бұған жеткізу шығыны кірмейді. Қазақстан валютасымен доза бағасы 4142 теңге мен 8284 теңге аралығында.

Егер вакцина GAVI ұйымы арқылы сатып алынатын болса, вакцинаға шамамен 9 млн теңгеден 18 млн теңгеге дейін қаржы қажет.

Денсаулық сақтау министрлігі тегін вакцинацияға ілінетін азаматтар санын арттыру жолдарын қарастырып жатыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Коронавирус вакцина

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір