• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 23:12:18
+35°

Маңғыстау облысында «Т»-тәрізді қиылыстан «Тгее of life» демалыс базасына дейінгі жолқозғалысқа ашылды.

Бұл автомобиль жолдарынреконструкциялау жобаларының бес кезеңінің біріболып табылады, жалпы ұзындығы (барлық бес жоба бойынша) - 70, 9 км.

Жобаның бірінші кезеңі бойынша жоспарланған 27 км-ден 15,6 км асфальт төселді. Қалған бөлігібойынша жұмыстар жалғасуда. Жобаға сәйкесавтомобиль жолы 2 жолақтан 4 жолаққа кеңейтіліп, жаяу жүргіншілер жолы мен веложол салынуда. Сонымен қатар, автомобиль жолына жарықтандырубағаналары орнатылуда. Реконструкциялаукезіндегі жұмыстар мен материалдардың сапасынасараптама жүргізу «Ұлттық жол активтерініңсапасы орталығы» РМК арқылы жүзеге асырылыпотыр. Реконструкциялау жұмыстарына 30 техника мен 100-ге жуық адам жұмылдырылған.

Жобаның екінші кезеңі бойынша жұмыстар әзіргебасталған жоқ. Бұл «Алау» демалыс лагерінен «Құрық» паромдық кешеніне дейінгі қашықтық. Осы жоба бойынша ұзындығы 34,7 км 2 жолақтыжол құрылысы жоспарлануда.

Жобаның 3-кезеңі болып табылатын «Маңғыстауоблысындағы «МАЭК» су алғышынан бастапҚұрық теңіз портына дейінгі автомобиль жолынреконструкциялау» «МАЭК-КазАтомөнеркәсіп» ЖШС су ағызу каналы (Шора) арқылы өтетінкөпір. Жоба бойынша жолдың ұзындығы – 0,07 шақырым (70 метр). Көпір құрылысы бойыншамердігер мекеме – «Ақжол құрылыс» ЖШС, авторлық қадағалаушы – «МГПС» ЖШС жәнетехникалық қадағалаушы – «Yeren» ЖШС. «Ақжолқұрылыс» ЖШС мен Алматы қаласының «АЗМК» ЖШС арасында көпір құрылысының темір бетондыбұйымдарына тапсырыстар беріліп, келісім шартжасақталған болатын. Бүгінде материалдар келіптүсуде. Монтаж жұмыстары тамыз айындабасталады.

Жобаның 4-кезеңі – «Ақтау қаласының Өмірзақ елді мекенінен жылы жағажайға дейінгі ұзындығы 4,6 шақырым болатын автомобиль жолының құрылысы» жобасы. Мердігер мекеме: "Алтын құрық" ЖШС. Жоба бойынша автомобиль жолы 4 жолақты етіп, толықтай жарықтандырылып, веложол мен тротуар және 1 көпір қарастырылған. Қазіргі таңда, 4,6 шақырымға жол негізі мен асфальт жабындысы толығымен төселді. Жұмыстар 85% аяқталды. Құрылыс жұмыстарына 50 техника мен 100-ге тарта адам жұмылдырылған. Жұмыстар жалғасуда.

Жобаның бесінші кезеңі – Ақтау қаласының «№3 және №1 қиылысынанHonda Center») – Өмірзақауылы («Т» пішінді қиылыс) дейінгі автомобиль жолының учаскесін қайта жаңарту. Жоба бойыншажол 2 жолақтан 4 жолаққа дейін кеңейтужоспарлануда. Жалпы ұзындығы 4,5 шақырым. Сондай-ақ,  жолдың екі жағына жаяу жүргіншіжолы мен веложол салу жоспарлануда.

Жобаның бірінші, үшінші және төртінші кезеңдер бойынша жұмыстар ағымдағы жылдың екіншіжартысында аяқталады.

Бұл шаралар өңірде туристік саланы дамытуғамүмкіндік береді, өңірлік бизнес үлесін арттырадыжәне өңірдің экономикасына оң әсер етеді.

Тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және жұмыссыздық деңгейін төмендету арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір