07 Тамыз, 2020 NEWS
Видеодан алынған сурет
Түркістан облысы Келес ауданының баспасөз қызметі Қазақстан туына түйреуішпен дәрі тамызғыш іліп, ем алып жатқан әйелдің видеосына қатысты пікір білдірді.
Оқиға Түркістан облысы Келес ауданына қарасты Абай ауылындағы Саз мектебінде болған.
"Сарыағаш ауданының тұрғыны Л.Дарханбаева Facebook желісіндегі парақшасына 2020 жылдың 6 тамыз күні сағат 13:50-де Келес ауданы Абай ауылында орналасқан Саз мектебі басшысының міндетін уақытша атқарушы З.Умаргазиеваның мемлекеттік туды қорлағаны туралы жазба жариялаған.
Абай балалар саз мектебі директорының міндетін уақытша атқарып отырған З.Умаргазиева 2020 жылғы 6 тамыз күні сағат 11:00-лер шамасында Абай балалар саз мектебі ғимаратының басшысы бөлмесінде ҚР мемлекеттік туға аспалы дәрілерді түйрегішпен түйреп іліп қойып салдырып отырған. Оны Абай балалар саз мектебінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Е.Асанов есімді мұғалімі ұялы телефонының бейне камерасына түсіріп, әлеуметтік желіге салған болатын.
Осыған сәйкес, Келес ауданы білім бөлімі басшысының 02.06.2020 жылғы №115-ж/қ бұйрығымен Абай балалар саз мектебі директорының міндетін уақытша атқарып отырған З.Умарғазиевадан болған жағдайларға байланысты түсініктеме алынды.
Берген түсініктемеге сәйкес Абай балалар саз мектебі директорының міндетін уақытша атқарып отырған З.Умаргазиева қазіргі уақытта Келес ауданы білім бөлімінің 06.08.2020 жылғы №158 ж/қ бұйрығымен атқарып отырған лауазымынан босатылды" делінген мәлімдемеде.
Оқи отырыңыз
♦"Сыйламайсыз ба". Келестік басшы мемлекеттік туға дәрі тамызғыш іліп қойған (видео)
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір