• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 16:11:14
+35°

Нұр-Сұлтан қаласында жедел жәрдем көлігі жеңіл автокөлікке соқтығысты. Бұл туралы қаланың полиция департаменті хабарлады.

Оқиға 8 тамыз сағат 3:40 шамасында Қабанбай батыр даңғылы мен Керей-Жәнібек хандар көшесінің қиылысында болған. 

"45 жастағы жедел жәрдем жүргізушісі бағдаршамның қызыл жанғанына қарамай көлікті жүргізген. Нәтижесінде Lada Priora жеңіл көлігімен соқтығысып бес адамды жарақаттады. Оның ішінде екі жедел жәрдем қызметкерін, арнайы көлікте болған екі науқас және Lada Priora жүргізушісі бар" делінген департамент таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта апаттың мән-жайы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір