• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:27:17
Алматы
+35°

Жаңаөзенде полиция қызметкеріне пара берген ер адамға 500 000 теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Порталдың хабарлауынша, көлік жүргізушісі қызыл түске өтіп кетіп, заңсыздығын жасыру үшін тәртіп сақшысына екі мың теңге пара ұсынған. Нәтижесінде оған жарты миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қазақстанның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 676-бабы ("Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі") бойынша сот талқылауы жүргізілді. 

Жаңаөзен қаласының әкімшілік соты құқық бұзушыны кінәлі деп таныды. Оған 200 АЕК немесе 555 600 теңге көлемінде айыппұл салынды.


"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір