• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 23:29:52
Алматы
+12°

Семейлік бес жасар бүлдіршін Бота Талғат Абай Құнанбайұлының өлеңдерін жатқа айтып, әндерін нақышына келтіріп орындайды.

Жас талант "Болашаққа бағыт", "Әсемпаз болма әрнеге", "Өнерге қанат қаққандар" сияқты республикалық байқауларда мәнерлеп оқудан топ жарып, жеңімпаз атанды. Сөйтіп, көрермендердің қошеметіне бөленді.

Ботаның анасы Мейірімнің айтуынша,  қызы үш жастан бастап өлеңдерді жатқа айтады және оның көркем әдебиетке деген қызығушылығы жоғары.

– Балам, алғаш рет Абай ескерткішін көргенде ұлы ақынның кім болғанын, халықтың құрметіне неліктен ерекше бөленгені туралы сұрап, қызығушылық танытты. "Ол кісі де мен сияқты өлеңдерді жатқа айтты ма?" деп өзімен бірге ұқсастық іздеді. Бүгінде ақынның жиырмадан астам өлеңін мәнерлеп оқып, әндерін орындайды. Күнде бір өлеңін жаттап алады, - деді Мейірім.

Бота Талғат

Жас таланттың алға қойған мақсаттары жетерлік. Ол болашақта әншілікке бет бұрғысы келеді. Сонымен қатар дәрігер болуды да армандайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір