• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:59:53
Алматы
+35°

Қытайдың Ішкі Моңғол провинциясын бобуон обасы шарпып, елде екінші рет карантин жарияланды. Бұл туралы британиялық Дэйли Экспресс Газеті жазды.

Провинцияның Баянур қаласында ер адам өлімге әкелетін ауруды жұқтырғаннан кейін көптеген дене мүшелері жұмысының бұзылуынан қайтыс болған. Билік ер адам қаза тапқан соң, ауыл карантинге жабылғанын мәлімдеген. Бұл соңғы бірнеше апта ішінде карантинге алынған екінші ауыл болды.

Баянурдағы билік өкілдері "қайтыс болған адамның тұрғылықты жері жабық, ал эпидемиологиялық тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта біздің қаламызда адам обасының таралу қаупі бар" деп мәлімдеді.

Өткен бейсенбіде бубон обасынан тағы бір адам қайтыс болған.

Дерек іргелес Баото қаласында тіркелген.

Мамандардың түсіндіруінше, мұндай экстремалды шаралардың себебі – бубон обасы өте жұқпалы және жиі өлім көрсеткіші жоғары.

Қытайда таралған бұл ауру жайлы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) "Бубон обасы өлім-жітімінің коэффициенті 30 пайыздан жоғары, егер емделмеген болса, 100 пайызға дейін болады" деп мәлімдеді.

Бұған дейін бубон обасының Қытай мен Моңғолияда таралып, адамдар қайтыс болғаны хабарланған. Орта ғасырларда 100 миллионнан астам адамды өмірінен айырған "Қара өлім" деген атпен танымал болған бубон обасы АҚШ-тың Колорадо штатында да расталған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай бубон

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір