• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 18:40:02
Алматы
+35°

Грэпплингтен Азия чемпионы атыраулық Есенбек Сиғуатов жүрегінен оқ жарақатын алып, оқиға орнында жан тапсырды. Бұл туралы azh.kz хабарлады.

Оқиға 9 тамызға қараған түні қала маңындағы Дамба мен Құрманғазы ауылдарының маңында болған.

Облыстық спорт басқармасы әлеуметтік желідегі парақшасында марқұмның туыстарына көңіл айтты.

"Талантты жас спортшы, грепплинг, қоян-қолтық ұрыс және джиу-джитсу күрестерінен Атырау облысы құрама командасының мүшесі, жасөспірімдер арасында әлем және Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы Сиғуатов Есенбек Тоқсанбайұлының мезгілсіз қаза болуына байланысты Атырау облысы спорттық қоғамы атынан марқұмның отбасы, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.

Салауатты өмір салтын бойына серік етіп, жас та болса әлемдік додаларда облысымыздың, қала берді еліміздің намысын абыроймен қорғаған өреніміздің қазасы туралы қаралы хабар қабырғамызды қайыстырды. Жаратушы Иеміз Алла алдынан жарылқасын. Спортшымыздың жарқын бейнесі ешқашан ұмытылмайды" делінген желідегі жазбада.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Атырау спорт

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір