Қытайдың жойғыш ұшақтарына Тайвань зенитті зымырандарын жіберді

/image/2020/08/11/crop-11_4_335x577_china-news-1320857.jpeg

Қытай ұшақтары Тайвань аумағына кіргеннен кейін Тайвань билігі зымырандармен қудалады. Бұл туралы Daily Mail хабарлады. 

Басылымның ақпаратынша, Қытай Тайвань бұғазының орта сызығы арқылы соғыс ұшақтарын жіберген. Ол кезде АҚШ-тың денсаулық сақтау министрі Алекс Азар президент Дональд Трампқа қолдау көрсету үшін Тайваньға барған. АҚШ министрі  Тайвань президенті Цай Инг-Венмен кездесіп, екі ел арасындағы тығыз қарым-қатынасты талқылаған.

Тайвань аралын өзінің меншігі деп санайтын Бейжің АҚШ министрінің сапарына қыр көрсету үшін "J-11" және "J-10" жойғыш ұшақтарын Тайвань мен Бейжіңді бөліп тұратын сезімтал және тар бұғазға жіберген. Олар министр Азардан сәл бұрын ұшып кеткен. 

"Ұшақтарды Тайвань зениттік зымырандарымен қудалап, патрульдік ұшақтар арқылы қуып шығарды" делінген Тайвань әуе күштері қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.

Үкіметтің қауіпсіздік жоспарымен таныс Тайвань шенеунігі АҚШ министрі Азардың сапарын Бейжің "өте қауіпті" қадам арқылы нысанаға алғанын, сол себепті қытайлық ұшақтарды Тайвань зымырандарымен қуып шыққанын мәлімдеді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар