12 Тамыз, 2020 Барлық аймақтар
Видеодан скриншот
Алматы облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жаңа басшысы болып тағайындалған Ерғали Сыдыманов алғашқы жұмыс күні талдықорғандық тұрғындардың наразылығын туғызды. Азаматтар оның орынсыз әрекеттеріне шағымданған. Оқиға видеосы ТАЛДЫКОРГАНЕЦ парақшасында жарияланды.
Видеода жаңа қызметке тағайындалған Ерғали Сыдымановтың қала тұрғындарымен сөйлесіп тұрғаны көрінеді. Желі қолданушылары олардың жұмыс істеуге рұқсат сұрап тұрған кәсіпкерлер екенін айтты.
"Мен саған қызмет көрсетпеймін. Түсінемін, балаларды бағу керек, ары-бері, несие бар, андай-мындай дегендей. Менің не тұрмысқа құрғаныма бір жыл ғана болды ма? (мысқыл). Болды, сау болыңдар, басымды қатырмаңдар. Сен не видеоға түсіріп тұрсың ба? Міне, осындайдан басталады бәрі" деді Ерғали Сыдыманов видеода.
Әлеуметтік желіде "Санитар дәрігердің үйіне барып, жұмыс сұрап тұрғандай, "голову не морочьте" деп қояды ғой", "Анау-мынау демей дұрыстап сөйлемей ме. Екі сөздің басын қоса алмай отырған адам" деген пікірлер жазылып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір