13 Тамыз, 2020 NEWS

"Нұр Отан" партиясы мен Камалжан Надыровтың ақша таратып жатқаны рас па?

Instagram желісіндегі парақшадан скрин

Instagram желісінде Nur.otankz парақшасы ұтыс ойынын өткізіп жатыр.

Парақша профиліне NurOtan партиясының логотипі мен Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыровтың суретінен жасалған коллаж қойылған.

Парақшада жарияланған соңғы жазбаларда ойын шарттары жазылған. Жазбаның орфографиясы мен пунктуациясы өзгерілместен ұсынылып отыр.

"Сізге 1 сағатта каспийге ақша аударатың боламыз дайын отырыңыздар
Бүгінгідей қиын-қыстау кезде кредитті кешіру азаматтарға үлкен көмек болсын деген оймен өзімнің конкурсымды бастамакшымын және парақшамызға кірсендер регистрация деген жерде сайт тұр сол жерде опрос өтіп кетіңдер опрос өткендердің арасында ойнатамыз
Достар біздің парақшамыз қош келдіңіздер
Сіз жай ғана:
тіркелесіз✔️
1) Маған @nur.Otankz

менің барлық достарыма тіркелесіз✔️
2) маған лайк басып кез келген 5 коммент жазасыз ✔️ шарт орыңдаған әр адамға 5000 тенге және достарыңыз белгілеймыз 5 10 басқаларіде білсің
Осы екі шартты орындап күтсеңіз болғаны қаржылай көмек немесе бар кредитіңіз кешіріледі

Бәрінізге сәттілік ??? ертен сағат 00.00 тікелей эфирде көмекшілерім кіріп ойнатады сәттілік. #шымкент"делінген парақшадағы жазбада.

NurOtan партиясы баспасөз қызметінің өкілдері Қамшы тілшісіне парақшаның партияға қатысы жоқ екенін, партия тарапынан ешқандай ұтыс ойнатылып жатпағанын хабарлады.

"Бұл ақпарат жалған. NurOtan партиясы ешқандай ойын өткізіп жатқан жоқ. Біз осындай парақшалармен алысып келе жатқанымызға біраз болды" деді баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ парақшаның биодағы сілтемесіне "Қамшы" ақпарат агенттігінің "Кредитті кешіруді қолдайсыз ба?" сауалнамасының сілтемесі орналастырылып қойылған. Қамшы порталы бұл сілтемередакция рұхсатынсыз салынғанын ескертеді.

Сонымен қатар Қамшы порталы сауалнамаға қатысқандар арасында ұтыс ойнатылады деген ақпараттың жалған екенін ескертеді.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Сізге 1 сағатта каспийге ақша аударатың боламыз дайын отырыңыздар Бүгінгідей қиын-қыстау кезде кредитті кешіру азаматтарға үлкен көмек болсын деген оймен өзімнің конкурсымды бастамакшымын??? және парақшамызға кірсендер регистрация деген жерде сайт тұр сол жерде опрос өтіп кетіңдер опрос өткендердің арасында ойнатамыз Достар біздің парақшамыз қош келдіңіздер Сіз жай ғана: тіркелесіз✔️ 1) Маған @nur.Otankz менің барлық достарыма тіркелесіз✔️ 2) маған лайк басып кез келген 5 коммент жазасыз ✔️ шарт орыңдаған әр адамға 5000 тенге және достарыңыз белгілеймыз 5 10 басқаларіде білсің Осы екі шартты орындап күтсеңіз болғаны қаржылай көмек немесе бар кредитіңіз кешіріледі Бәрінізге сәттілік ??? ертен сағат 00.00 тікелей эфирде көмекшілерім кіріп ойнатады сәттілік . #шымкент

Публикация от BIZDEN SIZGE KOMEK‼ (@nur.otankz)

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір