• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 09:00:06
Алматы
+12°

Белгілі журналист, тележүргізуші Жанат Бақыт эфирде коронавирусқа байланысты шындықты айтқаны үшін Алматы арнасынан жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді. Ол бұл туралы facebook-тегі парақшасында жазды.

"Эфирден кеттім.
Не үшін?
"Неге?" хабарына шығып шындықты айтқаным үшін.
Алматы қаласының саясатына қарсы келгенім үшін.
Тілсіз қуыршақ болмағаным үшін.
"Екінші толқын дейсіздер, сіздер бірінші толқынға дайын болмаңыздар, қанша қандасым өлді!" дегенім үшін" деді журналист жазбасында.

Журналист адамдар індеттен өліп жатқанда үнсіз қарап тұра алмағанын жеткізді.

"@almaty.tv, кешіріп қоярсыздар, қазағым шыбынша қырылып жатқанда, қарапайым парацетомол таппағанның кесірінен қазағым өліп жатқанда, оттегі аппаратының жоғынан туысым өліп жатқанда мен үнсіз тұра алмадым. Айтқаным үшін емес, үндемегім үшін өзімді кешірмес ем. Сол себепті еш өкінбеймін. Халық арасында ақиқатында не болып жатқанын біреу айту керек қой?" деп атап өтті тележурналист.

Оның пікірінше, қазір журналистер бірінші биліктің қолшоқпарына айналған.

"Шындықты айтқан адамды жұмыстан шығара берсе эфирде ешкім қалмайтын шығар. Қалса да қаймақ емес көк суы қалар... Парақшаңа тыр жалаңаш фото қойсаң, бұл – норма, бірақ шындықты жазсаң-эфирде көрінбеуің керек).

Журналистика – төртінші билік деуші еді, олай емес, қазір журналистер бірінші биліктің қолшоқпарына айналды. Өкінішті. Сондықтан мен үшін бүкіл программаны жабудың қажеті жоқ, әріптестерімді жақсы көрем, өзім-ақ кетемін.

Мен эфирден кеткеніммен, эфир менен кете қоймас" делінген журналист жазбасында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір