• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:04:58
Алматы
+35°

Әлеуметтік желілерде грэпплингтен Азия чемпионы Есенбек Сиғуатовты өлтірген Атырау облысы полиция департаментінің қызметкері екені туралы ақпарат пайда болды, деп azh.kz хабарлады.

Қайғылы оқиғадан кейін Дамба ауылының тұрғындары облыс әкіміне ашық хат жолдаған. 

"Біз бұдан алдын полицияға жастар арасында атыс, төбелес жағдайлары жиілеп кеткенін айтып, бірнеше рет хабарлаған болатынбыз. Бірақ қайғылы оқиға орын алса да, құқық қорғау органдары тарапынан ешқандай да шара қолданылмағаны анық. Бұл балаларымыздың қауіпсіздігі үшін өте қауіпті" делінген хатта.

Сонымен қатар хатта Азия чемпионы Есенбек Сиғуатовқа атылған тапанша полиция қызметкеріне тиесілі екені айтылған. Алайда полиция департаменті мұны жоққа шығарып отыр.

Қазіргі уақытта 26 жастағы күдікті тергеу изоляторына қамалды.

9 тамызға қараған түні Атыраудың Азия чемпионы Есенбек Сиғуатов жүрегінен оқ жарақатын алып, оқиға орнында жан тапсырған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір