14 Тамыз, 2020 NEWS

Францияда карантин жарияланды

Getty

Франция "қызыл аймақ" коронавирустық төтенше жағдайын жариялады. Париж және Буш-дю-Рона аймағы коронавирустық жағдайлардың күшеюіне байланысты карантинге алынды. 

Франция үкіметі қала мен Жерорта теңізінің жағалауындағы аймақты коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары "қызыл аймақтар" деп жариялады. Қаулы жергілікті билік органдарына адамдар мен көлік құралдарының айналымын шектеуге, қоғамдық көліктер мен әуе қозғалысын шектеуге, қоғамдық ғимараттарға кіруді шектеуге және инфекция қаупі жоғары кейбір мекемелерді жабуға өкілеттік береді.

Ақпараттарға сәйкес, Францияда соңғы аптада жаңадан тіркелген жағдайлардың 66 пайызға артуы және 100 000 тұрғынға шаққандағы аурудың 52 пайызға өсуі коронавирустың күрт өскендігін көрсетеді.

Жағдайға байланысты Ұлыбритания Франциядан келген адамдар сенбіден бастап 14 күндік карантинде болуы керектігін жариялады. Британиялық басылымдар Біріккен Корольдіктің де бүгін кеште карантин жариялауы мүмкіндігін хабарлады

Бұған дейін Еуропа елдерінде коронавирустың екінші толқынының алғашқы белгілері пайда болғанын хабарлаған болатынбыз

Ілмек сөздер: Франция карантин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір