• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 18:55:54
Алматы
+35°

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысының салдарынан iPhonе-нан бастап барлық телефон, компьютер өндіретін Foxconn компаниясы Қытайдан біртіндеп кетіп жатыр. Бұл туралы "Қамшы" порталының ғылым саласындағы арнаулы авторы Жексен Тоқтарбай хабарлады.

Компанияның атқарушы директоры Яң Лию 2020 жылдың маусым айында Қытайдағы өндірісінің 25%- пайызын, осы екі айдың ішінде 30 пайызын көшіргенін мәлімдеді.

Ол инвесторлармен жасаған видео-конференцияда компаниясын Үндістанға, Оңтүстік Азия елдеріне немесе АҚШ-қа көшіру керектігін, Қытайдың "әлемнің өндірушісі" дәуірінің аяқталғанын айтты.

Өзіндік құны 1,13 триллион доллар бұл компанияның 2020 жылдың алғашқы жартысындағы таза табысы 778 миллион долларды құраған. Жыл соңына қарай табыстың тағы да төмендейтіні болжанып отыр.

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы тек бұл компанияға ғана әсер етпеді. Қытайдағы әйгілі телефон өндіруші Huawei мен Xiaomi компанияларына да қиын тиіп отыр. Себебі Қытай мен Оңтүстік Азия елдерінің әсерінен Үндістан да ол елдің өнімдеріне шектеу қойған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір