• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 15:03:13
Алматы
+12°

"Қазақфильм" АҚ басшысы, кинорежиссер, продюсер Ақан Сатаев 14 тамыз күні киностудия ғимаратында шыққан өртке қатысты пікір білдірді. 

"Қазақфильмді" біреудің өртегендігі анық. Бақытымызға орай, зардап шеккендер жоқ. Бізге қатты зияны келмеді. Сондықтан біз өз жұмысымызды жалғастырамыз. Мен бұл қылмыскерлерді табамыз деп сенемін" деді директор өзінің Инстаграмдағы парақшасында.

Режиссер "Қазақ хандығы" сериалын түсіру кезінде жасалған көлемді декорацияның  өртеніп кеткенін мәлімдеді. Декорациядан 200 метр қашықтықта өртенген екінші нысан - ағаш қоймасы.

А.Сатаев өрт сөндірушілерге және қала басшылығына төтенше жағдайды тез және тиімді шешкендері үшін алғыс айтты.

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, 21.33-те басталған өрттің бірінші ошағы 23 сағат 10 минутта, ал екіншісі 23 сағат 26 минутта жойылған. Өртті сөндіруге ТЖ департаментінен 53 қызметкер мен 16 бірлік техника, полиция департаментінен 30 қызметкер мен 10 бірлік техника, жедел медициналық көмек мекемесінен 6 қызметкер, 2 бірлік техника және Алматы қаласы әкімі аппаратының құтқару қызметінен 4 жұмыскер мен 4 бірлік техника жұмылдырылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір