• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:00:22
Алматы
+35°

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин республика бойынша карантин режимі қалай жеңілдетілетінін айтты.

Бекшиннің сөзінше, жұмыс күндері қаладағы қоғамдық тамақтану орындары таңғы сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал демалыс және мейрам күндері сағат 10.00-23.00 арасында ашық болады.

– Көптеген қоғамдық тамақтану орындары көпқабатты үйлердің бірінші қабатында орналасқан. Жеке орналасқан тамақтану орындарының халыққа ешқандай зияны тимесе, жұмыс уақытын бір сағатқа көтеруге мүмкіндік бар. Осыны қарастырып, бір шешімге келеміз, –деді қаланың бас санитар дәрігері.

Ол қаладағы кәсіпорындардың жұмысы тоқтатылмайтын, ол жерде санитарлық талаптар сақталатынын айтты.

– Қоғамдық тамақтану нысандарының күндіз келушілерді қабылдау ережесі бар. Олар толымдылығы 50%-ға дейін қабылдай алады. Үстелдердің арасында екі метр арақашықтық болуы керек, ал енді орындықтар арасы 60 сантиметрден кем болмауы керек. Тамақтану орындарының қызметкерлері бетперде мен қолғап киіп жүруі керек. Сондай-ақ қоғамдық экрандар қойылады, – деді Жандарбек Бекшин.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір