Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 19 741 адам ем қабылдап жатқанын хабарлады.
 
Олардың 109-ы бала. Стационарларда  3 289 науқас жатыр. 16 452 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
 
Науқастардың арасында 401 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 105  науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 77 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
 
Өткен тәулікте коронавирустық пневмониядан 5 адам өлген. Коронавирустан 20 адам көз жұмған.
 
Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отыратынын мәлімдеді.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір