Фото: qamshy.kz
Белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек әлеуметтік желідегі парақшасында Айсұлтан Рахаттың өліміне қатысты пікір білдіріп, жақындарына көңіл айтты.
"Соғыс кезінде өліктерді көмуге мүмкіндік берілген! Адамның қайғысында тыныш қалдыруға болады ғой! Қандай ана өз баласына жамандық тілейді айтыңдаршы?
Дариға ханым өз баласына бәрін берді. Ер азаматтар ешқашан әйел затын түсінбеген, әкесінің арқасында анасынан жырақ жүрген балада өкпе болғаны рас! Анасына сағыныш, кішкентай кезінде қалған өкпе травмасында сыртқа шығарды. Бүкіл әлемге жар салып айтты да! Бәрін кінәләді, кекшілдік деген жақсы емес, бәрін жау көрді. Мына өмірде өзін түсінетін адам таппай, өмірмен қоштасты.
Ешкім идеал емес, бәріміздің кемшілігіміз бар.
Адам жеке өмірін, таңдауын сыйлап үйрену керек, бұл да бір мәдениет!
Ия балаға бақ берілді, отбасына деген ашу ызасын халыққа қызмет жасап, мұқтаж жандарға көмек беру арқылы қайтару керек еді. Әттең олай болмады, отбасы дұшпандарының қолында пешкаға айналды!
Ешқандай ана өз баласын жерге оңай қиып бере салмайды. Жынды, тентек болса да тірі жүргенін қалайды. Қаралы күні адамның қайғысын қарғысқа, мазаққа айналдырудың қажеті жоқ!
Баланы тыныш қалдырайық, бұл өмірде таппаған жан тыныштығын о дүниеде тапсын! Иманды болсын!" делінген заңгердің желідегі жазбасында.
Тағы оқыңыз!
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір