• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:20:43
+35°
Бүгінгі күні технологиялық прогресстің дамуына байланысты  цифрландыру экономиканы ілгерілетуде маңызды рөл ойнайды. "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында облыстың аумағында цифрлық жобалар барлық бағытта жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні Шығыс Қазақстанда екі IT-орталық жұмыс істейді. Оның бірі жоғары политехникалық колледжде орналасса, екіншісі электротехникалық колледжде. Онда студенттер білім алып, оқытушылар тәжірибеден өтеді. ШҚО-дағы 648 мектепте IT-класс бар. Аталмыш сыныптар тереңдетілген цифрлық бағдарлама бойынша іске қосылған. Әлемдік стандарттарға сай жабдықталған. Жыл сайын облыстық чемпионаттар мен ІТ-хакатон ұйымдастырылады. "Jastar time” инновациялық орталығы ашылды.
COVID-19 пандемиясына байланысты қашықтықтан оқыту digitalkz.kz порталында жүзеге асырылды. 21 мыңнан астам адам оқып шықты. Шалғайдағы елді мекен тұрғындары үшін 11 электронды қызмет көрсету орталығы ашылды. Ал ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін дәл осындай 3 орталық ашылады. Цифрлық оқытудың қортындысы бойынша электронды қызметтердің үлесі артты. Халыққа көрсетілген қызмет 2019 жылмен салыстырғанда 6% көбейді.
Өңірлік электронды қызмет көрсету орталығы бизнес саласы бойынша көрсетілетін 6 қызметтің мобильді нұсқасын іске қосты. Облыс бойынша 565 өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы ашылды. Онда 476 мыңнан астам қызмет көрсетілді. КВИ пандемиясы кезінде ХҚКО қашықтықтан қызмет көрсетуге кіріскенде өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары арқылы 30 мыңнан астам электронды қызмет көрсетіліп, 2,5 мың цифрлық кілт жасалып, 746 адам мобильді азамат базасының  қосымшасына тіркелді. ҚР БҒМ ҰББҚ-ның ішкі жүйесі бойынша қосымша 5 мемлекеттік қызметті автоматтандыру, 7 бизнес процессін оңтайландыру мен "электронды үкімет" веб порталы арқылы 20 қызметті интеграциялау жоспарлануда. 2019 жылдың қортындысы бойынша "ақылды қала" рейтингі бойынша Шығыс Қазақстан 12 орынды (45% жетістікпен) иеленді. 2020 жылғы жоспарға сәйкес 80% кем болмай, алғашқы жартыжылдықтың қортындысы 61% құрап отыр.
"Қаланы басқару" жобасы аясында ведомства аралық бірыңғай ситуациялық орталық құрылып, кешенді ақпараттық жүйенің бірлесуіне, жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, көлік, әлеуметтік нысандар, шұғыл және коммуналды қызметтер, геоақпараттар жүйесі сынды адам өмірінің сапасын арттыруға мүмкіндік берді. Ағымдағы жылдың 7 айында орталық қызметтері  150 мың қоңырау қабылдады. ТЖ кезінде ситуациялық орталық базасында рұқсат.кз порталы іске қосылып, автокөліктерге рұқсатнама беру өтініштері қабылданды. "Сергек-блокпост" мәліметтер базасы мен "Сергек-патруль" мен интерактивті цифрлық карта іске қосылып, әлеуметтік нысандарға талдау жасалды. Рұқсатнама беру уақыты бір күннен 10 минутқа дейін қысқартылды.
Облыс әкімінің ситуациялық орталығында бірыңғай интеграциялық 11 сервис құрылды. Онда азаматтардың өтініштері қарастырылды. Бүгінгі күнге дейін 45 мыңнан астам өтініш тіркелді.
Аймақта бос жатқан жер аумақтарын көруге арналған 24 цифрлық қабаттан тұратын геоақпараттық портал іске қосылды. Онда су нысандары, су қорғау аумақтары, инженерлік коммуникациялар, жер аумақтары көрсетілген. Порталда Өскемен, Семей, Риддер, Аягөз, Шемонайха, Серебрянка, Зайсан, Алтай цифрландырылған. Электронды портал ашық қолданысқа берілген. Оны www.vkomap.kz көруге болады.
Өскеменде фотовидеофиксациялау және видео сараптама жасау жобасы аясында 4 мыңға жуық сергек камерасы іске қосылды. Камералар 159 қиыыс пен аумақта орын алған заңбұзушылықтарды жазып отырады. Ағымдағы 2020 жылы аталмыш камералардың көмегімен 5092 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 84 қылмыстық іс қозғалды. Қоғамдық орындардағы қылмыс 37%, қала көшелерінде 41%, ЖКА 36% төмендеді. Кешенді талдаудың нәтижесінде азаматтардың сенімі артты.
Облыстағы денсаулық сақтау саласының 99%  денсаулық сақтаудың электронды паспортымен қамтамасыз етілді. Тұрғындардың 77%  мобильді қосымша арқылы көмекке жүгінеді. "DamuMed” платформасында қашықтықтан "Пациенттерді онлайн қабылдау" жүргізіледі. Цифрлық қызмет мониторингі облыстағы қалалар мен аудандар да іске қосылды. Осы арқылы провизорлық және инфекциялық стационардағы жағдайды бақылап, ПЦР, КТ мен рентген бойынша жасалған зерттеу жұмыстарын қарауға болады. 
Семейде электронды жолақы төлеу мақсатында "Avtoby's”жүйесі іске қосылды.
"Bus Report” бағдарламасы бойынша әрбір автобустың бағытын бақылауға болады. 2020 жылдың қазан айына дейін Өскемендегі қоғамдық көліктерде диспетчерлік ақпараттық модульдің көмегімен жолақы төлеуді автоматтандыру жоспарлануда.
Цифрландыру жұмысы үнемі бақылауда ұсталынуда. Шығыс Қазақстанда 2022-2025 жылдар аралығында цифрландырудың сәулеттік бағдарламасы жасалынбақ.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір