• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 03:02:24
Алматы
+35°
Тікелей эфир барысында ШҚО әкімі Даниал Ахметов 2020-2021 оқу жылында қай мектептер қарапайым режимде оқыту жүйесіне жұмысқа кірісетінін мәлім етті.
Биылғы оқу жылында барлық мектептегі оқушылар қашықтықтан білім алады. Оқу барысында өткен жылғы төртінші тоқсандағы тәжірибе ескерілетін болады. Алайда шағын комплектілі және орын саны жеткіліксіз мектептерде аталмыш жүйе қолданылмайды. Осылайша, жалпы орта білім беретін 334 мектеп оқушыларға есігін айқара ашып, штаттық режимде жұмыс істейтін болады.
Аймақ басшысы, аталған мектептерде білім алатын оқушылар екі ауысымда оқитынын мәлім етті. Әрбір сабақтан соң жарты сағат бойы желдету және дезинфекциялау жұмыстары жүргізілетін болады. Сондай-ақ бетперде (маска) кию режимі мен медициналық бақылау күшейтіледі.
Айта кетейік, бүгінгі күні барлық мектеп дезинфекциялық құралдармен және санитарлық қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етілді. Оның ішінде тепловизор, санитайзер, кіреберістегі қорғаныс кілемдері мен бактерицтік шамдар бар. Ал балаларға тегін бетперделер (маскалар) беріледі.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір