• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:00:06
Алматы
+35°

Bloomberg бірнеше апта бұрын Tesla компаниясының бас атқарушы директоры Илон Масктың Frobes тізімінде "аққан жұлдыз жылдамдығымен" көтерілгенін жариялаған. Басылым бүгінгі ақпаратында "Масктың қаржылық жағдайының тез артуының бәсеңдейтін түрі жоқ" деп хабарлады.

Дүйсенбіде Tesla компаниясының акциялары 11 пайызға артып, рекордтық деңгейге жеткен. Бұл Мастың дәулетін 7,8 млрд долларға көбейтіп, ол әлемдегі ең бай төрт адамның қатарына қосылған.

Bloomberg Billionaires индексінде байлығы 84,8 миллиард долларға бағаланған Илон Маск француз магнаты Бернард Арноны басып озып, Facebook компаниясының бас атқарушы директоры Марк Цукербергтен кейінгі орынға тұрақтаған. 

Айта кетейік, Илон Маск наурызда Forbes тізімі бойынша әлемдегі дәулетті 30 адам қатарына кірмейтін. Оның жекелік дәулеті 20 шілдеде 74 миллирад долларға жеткен.  Bloomberg ақпараты Илон Масктың Forbes тізімінде "аққан жұлдыз жылдамдығымен" көтерілгенін мәлімдеген. Шілденің басында Масктың әлем бойынша жетінші бай болғаны хабарланса, арада бір апта өтер-өтпестен оның әлемдегі ең бай бес адамның қатарына қосылғаны жарияланды

Басылымның ақпаратына сәйкес, бүгіннен бастап Джефф Безос, Билл Гейтс, Марк Цукерберг және Илон Маск әлемнің ең бай төрт адамы болды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Илон Маск төртінші

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір