• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:32:59
Алматы
+35°

Түркістан облысында туған қызы мен әйеліне зорлық жасаған ер адам 15 жылға қамалды. Бұл туралы vera.kz хабарлады.

Облыстық полиция департаменті тергеу бөлімінің басшысы Нұрмахан Жалғасовтың айтуынша, қылмысты ашу үшін полицейлердің біраз уақыты кеткен. 2019 жылдың қазанында Сарыағаш ауданының полициясына жәбірленуші қоңырау шалып, бір ай бұрын өзі мен қызын зорлағанын айтқан.

Полиция аталған фактіні тіркеуге алып, ҚР қылмыстық кодексінің 121-бабы (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Іс облыстық полиция департаментінің тергеу бөліміне жіберілді. Күдікті қылмысын мойындағанымен, келесі күні әйел айтқан сөзінен бас тартқан.

– Әйелі ішімдікке салынып жүрген күйеуін осылай жазалағанын айтты. Бірақ біз куәлік беруден бас тартқанына қарамай, сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жалғастырдық. Біз күндіз-түні жұмыс жасап, айғақтарды іздестіріп, кәсіби мамандармен жұмыс жасадық. Аталған қылмыстық іске бірнеше ай өтті, – деді Нұрмахан Жалғасов.

Облыстың әділет министрлігі мен сот-медициналық сараптама институтының мамандары зорлық-зомбылық фактісін растады.

Маманның айтуынша, әйелі мен қызы күйзеліске ұшыраған. Алдағы уақытта сот процесіне жасөспірімді қатыстырмауды ұсынды.

Күдікті қызы мен әйеліне зорлық-зомбылық көрсеткені үшін 15 жылға сотталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір