• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:19:48
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп Ақорда хабарлады.

– Экономикалық проблемалар аясында кәсіпкерлікке қолдау көрсету ерекше өзектілікке ие болып отыр. 5 жылдың ішінде заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру туралы қылмыстық іс бойынша 11 тұлға, рейдерлік туралы іс бойынша 7 тұлға сотталды. Осы саннан-ақ бизнесті қорғаудың құқық қорғау тетіктері кібіртектеп тұрғанын көруге болады, – деді Тоқаев.

Ол өткен жылдағы жолдауда заңды бизнеске кедергі келтіру ауыр мемлекеттік қылмыс екендігін атап өтті.

– Үкіметке бас прокуратурамен бірге бір мерзімде қозғалған барлық мәселелер бойынша нақты ұсыныстарды бекітуді тапсырамын. Біз енгізген сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу институты алғашқы жемісін бере бастады. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында ғана 510 бизнес-жобаның заңсыз 114 фактісі анықталды. Бұл жұмысты жалғастыру қажет. Бас прокуратура кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау орбитасына негізсіз шығару фактілерін шұғыл жойып отыруы тиіс. Кәсіпкерлер, инвесторлар жемқорлық қысымнан қуатты қорғанысты сезіне білуі керек, – деді президент.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір