• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:43:16
Алматы
+35°

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова алдағы демалыс күндері карантин қайта күшейтіліп, белгілі бір нысандардың жабылатынын мәлімдеді.

Бас санитар дәрігердің айтуынша, үкімет эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру үшін демалыс күндері шектеу шараларын сақтауы қажет.

Сенбі және жексенбі күндері қандай нысандар жабық болады:

  1. сауда үйлері, сауда желілері, сауда ойын-сауық орталықтары (оның ішінде супермаркеттер мен дәріханалар жұмысын тоқтатпайды);
  2. жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар;
  3. сұлулық салондары, шаштараз, спа-орталықтар, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар;
  4. фитнес орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтары;
  5. қоғамдық моншалар мен сауналар;
  6. балалар және ересектер білім беру орталықтары, коррекциялық кабинеттер;
  7. даладағы аттракциондар.

Демалыс күндері 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі. Қоғамдық көліктің қозғалысына да шектеу енгізіледі.

Қазақстанда 17 тамыздан бастап қатаң карантин режимі жеңілдетілген болатын.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: карантин Қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір