Ким Чен Ын 1500 арнайы жасақты Солтүстік Кореяның Қытаймен шекарасына орналастырып жатыр. "Азат Азия" ақпаратына сәйкес, олар адамдардың шекарадан заңсыз өтуіне жол бермеу үшін жіберілуде.
"Солтүстік Корея коронавирустық пандемия кезінде заңсыз өтуге жол бермеу үшін Рянганг провинциясына арнайы әскерлердің жүздеген сарбаздары мен күзеттерін орналастыруда" деп жазады Вашингтонда орналасқан басылым. Жауынгерлер сонымен қатар контрабанға қарсы жұмысты күшейтіп, шекарашыларды бақылап отырады.
Ал, Рянганг провинциясындағы әскери дереккөз "5 тамыздан бастап біз Рянган провинциясындағы Солтүстік Корея-Қытай шекаралас аймағында шекара қауіпсіздігін төрт есе арттырдық" деп хабарлаған.
Пікір қалдыру