23 Тамыз, 2020 NEWS

"Балама үкімет құрамыз". Алматылық белсенділер наразылыққа шықты

Фото: Qamshy.kz

Бүгін 23 тамыз күні Алматы қаласында және басқа қалаларда бірнеше қоғам белсенділері ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Ішкі істер бөлімшесінде отырған белсенділерді үйіне қайтаруын талап еткен бір топ азаматтар Алматы қаласы Масанчи-Қарасай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан ІІД алдына жиналды. 

Қоғам белсенділеріне араша сұрап келген азаматтардың айтуынша, олардың үйіне полиция қызметкерлері барып, себепсіз, негізсіз тінту жүргізген. 

"Біз мына кітаптарды жаздық. Бізбен ойнамасын! Керек болса, халқым үшін айқасып өлемін! Үкімет біздің арызымызды тыңдамаса, балама үкімет құратын боламыз. Сол кезде халық арызын бізге айтатын болады" деген 1986 жылғы желтоқсан көтерілісіне қатысушы Хасен Қожа-Ахмет себепсіз ұсталған азаматтарды босатуды сұрады.

Қамшы тілшісі оқиға орнына барып, жиналған азаматтардың пікірін білді.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Qamshy.kz сайты (@qamshy_media)

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Qamshy.kz сайты (@qamshy_media)

ІІД жанына жиналған адамдар қоғам белсенділері үйлеріне қайтқанша сол жерде болатындарын айтты. Сағат 00:00 шамасында келген патрульдік полиция қызметкерлері азаматтардың қала тыныштығын бұзып жатқанын айтып, үйлеріне қайтуын айтты. Наразы топ "тынышталамыз, бірақ тарамаймыз" деп жауап берді.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір