Мұхтар Ақатұлы Аюбаев қызметінен босатылды, деп хабарлады Ақорда ресми сайты.
"Президенттің өкімімен Мұхтар Ақатұлы Аюбаев Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы қызметінен босатылды",- делінген хабарламада.
Мұхтар Аюбаев 1959 жылдың 22 тамызында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылында дүниеге келген.
1984 жылы мемлекеттік қауіпсіздік органдарында қызметке шақырылған.
Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Шымкент және Талдықорған облыстары бойынша басқармасында жедел лауазымдарда қызмет атқарған.
1995 жыл мен 1999 жылдар аралығында Қазақстан президентінің күзет қызметінде әртүрлі офицерлік басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
2004 жылы Республикалық ұланы қолбасшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
2006 жылы Қызмет бастығының орынбасары- ҚР ПКҚ бірінші департаментінің бастығы лауызымында қызмет атқарды.
2006 жылы ҚР ПКҚ бастығы болып тағайындалды.
2013 жылы ҚР президентінің жарлығымен Республикалық ұланының қолбасшысы болып тағайындалды.
2014 жылғы сәуірде Қазақстан президентінің өкімімен мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - объектілерді қорғау қызметінің бастығы болып тағайындалды.
2019 жылы мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы қызметіне тағайындалды
ҚР президенті күзет қызметінің құрметті қызметкері. Алматы облысының құрметті азаматы.
ІІ дәрежелі "Айбын" және "Даңқ" ордендерімен, Президент атынан алғыс хат пен президенті әкімшілігінің басшысынан алғыстармен, "Елбасы қорғаны" төсбелгісімен, 21 медальмен, күзет қызметінің құрмет грамоталарымен және алғыстармен марапатталған.
Пікір қалдыру