• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:29:11
Алматы
+35°

24 Тамыз, 2020 NEWS

Амандық Баталовтың жаңа орынбасары кім?

  Бұған дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Серікжан Бескемпіровтің 10 шілде күні қайтыс болғаны белгілі болған еді.

Фотода: Рүстем Әли

Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың өкімімен Рустам Әли облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы әкімдіктің Facebook парақшасында хабарланды.
 
Бұған дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Серікжан Бескемпіровтің 10 шілде күні қайтыс болғаны белгілі болған еді.
 
Рустам Әли 1984 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін шығыстану мамандығы бойынша (бакалавр, магистратура, докторантура), І. Жансүгіров атындағы мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген. Философия докторы (PhD). Бірқатар ғылыми зерттеу кітаптарының авторы және бірлескен авторы.
 
Еңбек жолын Алматы қаласында "Деловая неделя" газетінің тілшісі болып бастаған. Кейін Centralasiaonlaine.com сайтында фрилансер қызметін атқарған.
 
"Каспий" Орта Азия мен Кавказдағы этномәдени және геосаяси зерттеулер журналының Қазақстандағы ресми өкілі.
 
"Деловая неделя" газетінің халықаралық бөлімінің редакторы.
 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің оқытушысы.
 
"Деловая неделя" газеті бас редакторының орынбасары.
 
Талдықорғандағы "Жетісу жастары" МҚКК директоры.
 
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-дың журналистика кафедрасының оқытушысы.
 
Ескелді ауданы Қайнарлы ауылдық округінің әкімі.
 
Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы.
 
"ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының" Алматы облысы бойынша филиалының оқытушысы болды.
 
2016 жылдың мамырынан – Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір