25 Тамыз, 2020 NEWS
Фото: forumdaily.com
Жаңа оқу жылы алдында мұғалімдер коронавирусты анықтайтын тест тапсырмайды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты.
– Мұғалімдердің арасында жаппай тегін коронавирусты анықтайтын тестілеуді тапсырудың қажеті жоқ. Себебі, мұғалімдер белсенді, салауатты өмір салтын ұстанады. Күн сайын олар көптеген адамдармен кездесетіндіктен, ПТР-тестілеу сынақтарын өткізу мәнісін жоғалтады, – деді Қожахметов.
Мұғалімдерде қауіпті аурудың алғашқы белгілерінің бар-жоғын мектеп мейірбикелері анықтайды. Олар мекемеге кірмес бұрын, алдымен дене қызуын өлшеп, маскамен кіргізіледі.
Сондай-ақ, мектеп оқушылары да ғимаратқа медициналық бетперде тағып, ара қашықтықты сақтайды. Коронавирус жұқтырудан сақтайтын қорғаныш құралдарын ұстаздар мен ата-аналар өзі сатып алады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір