• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:00:07
Алматы
+35°

1 қыркүйек күні мектептерде онлайн жиындар өтеді. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі мәлімдеді.

"Мектептерде жаңа оқу жылының басталуына арналған онлайн жиын өтеді. Балалар мектепке келмейді, онлайн линейкаға қолжетімді құрылғылар мен байланыс құралдары арқылы қатысады" делінген ведомство таратқан хабарламада.

Жаңа оқу жылы алдында денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мұғалімдердің коронавирусқа тест тапсырмайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ, ол мектеп оқушылары да ғимаратқа медициналық бетперде тағып, ара қашықтықты сақтайтынын атап өтті.

Айта кетейік, Қазақстанда тамыздың 25-28-і аралығында 2-11-сыныптар қашықтан бірыңғай сабақтар өтеді. Олар өткен материалдарды қайталайтын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір