• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:50:29
Алматы
+35°

Италияда өртенген яхтада қазақстандықтар болған, деп хабарлады Euronews.

Кемеде өрт шыққан кезде 50 метрлік Lady ММ яхтасы Каприден Сардинияға қарай бет алғаны хабарланған. Жағалау күзеті түсірген видеодан яхтаның Жерорта теңізінің астына батып бара жатқаны көрінеді.

Кемеде 17 адам болған. Оның ішінде сегіз турист Қазақстаннан, ал тоғызы - экипаж мүшесі болған. Өрт шыққан кезде олар өздері кемеден түсіп, шағын қайықтарға отырған. 

Өртті сөндіруге жағалау күзетінің екі қайығы мен тікұшақ жұмылдырылған.

Өрт себебі туралы әлі ақпарат хабарланбады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір