• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:09:00
Алматы
+35°

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің қатысуымен өткен дәстүрлі тамыз конференциясында орта білім беру ұйымдарын жаңартылған білім беру мазмұнына көшіруге барлық жағдай жасалғаны белгілі болды.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов өз сөзінде жаңартылған мазмұнда білім беру бойынша 23 мың мұғалім білімін жетілдіріп, 1,5 млн оқулық сатып алынғанын атап өтті. Оқушылар 100% оқулықпен қамтамасыз етіледі.

Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділованың айтуынша, биылғы жылы 11 сынып оқушылары жаңа форматта білім алады. Атап айтсақ, "Кәсіпкерлік негіздері және бизнес", "Графика және дизайн", "Алғашқы әскери-техникалық дайындық" пәндері. 9,11 сыныптар жаңа форматта қортынды аттестация тапсырады. Сонымен қатар жаңа форматтағы білім беру жүйесіне сәйкес үштілділікке де баса назар аударылуда. Биыл көптілділік бағдарламасы бойынша неміс және француз тілдерін оқыту енгізіледі.

Жаңа бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында 1 мыңнан астам мұғалім курстан өтті. Нәтижесінде, педагогтердің тіл меңгеру әдістемесінің деңгейі 80-нен 89% артып, қатысушылардың тіл білуінің орташа деңгейі 35% құрады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 20% болған.

Екі жылдың ішінде 2650 педагогті қосымша дайындау жоспарланып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір