• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 08:32:11
Алматы
+35°

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев 12 тамызда сайланған парламент сенаторларына депутат куәлігін табыс етті. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының баспасөзі хабарлады.

Орталық сайлау комиссиясы 12 тамызда сайланған 14 облыс пен үш қаланың сенаторларына депутат куәлігін табыс етіп, жаңа депутаттарды  ресми түрде тіркеді.

Отырысты ашқан комиссия төрағасы Берік Имашев парламент сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі науқанның соңғы отырысы конституцияның 25 жылдығы – тәуелсіз Қазақстанның негізгі заңы қарсаңында өтіп жатқанын атап өтті.

Комиссия төрағасы сенаттың жаңа депутаттарын құттықтады.

– Бұл науқан тарихта қалады. Пандемия жағдайында өткіздік. Келесі науқан олай болмайды деп үміттенеміз, – деді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір