• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:05:09
Алматы
+35°

Қараша айында өтетін Американың президенттік сайлауы қарсаңында Вашингтон мен Пекин әскери қақтығысқа баруы мүмкін. Бұл туралы Австралияның бұрынғы премьер-министрі мәлімдеді.

Пекин мен Вашингтон арасындағы қатынастар соңғы айларда Ковид-19 пандемиясы, сауда, Гонконг және Қытайдың Шыңжандағы қазақ, ұйғыр азшылығына жасаған қысымына байланысты нашарлады. Екі ел арасындағы ықтимал соғыс қаупі туралы ескертуді 2007-2010 жылдар аралығында Австралияның премьер-министрі болған Кевин Радд жасады.

Радд Мельбурндегі  Ла Троб Университетінде "Қытай мәселесі: жаңа қырғи қабақ соғыстың алдын алуға бола ма?" атты іс-шарада сөз сөйлеген.

Іс-шарада коронавирус жайындағы бірқатар пікірталастар болған.

Радд 3 қарашада Америкада сайлау өткізілер алдында "қате есептеу және шиеленісу жолымен қақтығыс" болатынын ескерткен.

Оның пікірінше, екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың құлдырауы қатерлі салдарға әкелуі мүмкін. Ол Қытай мен Американың соғыс ұшақтары мен кемелерінің бір-біріне өте жақын келуі жиілеп, қақтығыс болуыдың аз-ақ алдында тұрғанынан алаңдайтынын жеткізді. Оның сөзінше, Қытай өз позициясын нығайту үшін Оңтүстік Қытай теңізінде табиғи және жасанды аралдарда әскери базалар, соның ішінде аэродромдар салуда. Ал, оған Вашингтон қатаң түрде қарсы тұруда.

Радд мырзаның айтуынша, Пекиннің де, Вашингтонның да "ұлтшылдық екпіндері" ашық қақтығыстарға апарады.

Ол "әсіресе, Вашингтонда да, Бейжіңде де өте күшті ұлтшылдық саясаты жүріп жатқадықтан сайлаудан бірнеше ай бұрын " дағдарыс болатынын ескерткен.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қыай АҚШ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір