• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 10:56:53
Алматы
+35°

Ағымдағы жылғы 28 тамызда Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отыра Конституция күніне арналған іс-шара өтті. qamshy.kz

 Суда және өртте адамдарды құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін облысымыздың 11 адамын құтқарған 4 тұрғын ІІМ медальдарымен марапатталды (олардың 3-уі кәмелетке толмаған жасөспірімдер). qamshy.kz

 Олармен бірге ІІМ, ТЖ Комитеті басшылығынан және «Жас Отан» облыстық филиалының басшылығынан өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде ерлік және күш-жігер көрсеткен кәсіби құтқарушылар қатарынан шыққан батырлар да марапатталды. qamshy.kz

 Одан әрі «Конституция күнімен үздік құттықтау» байқауының жеңімпаздары марапатталып, қала тұрғындарына («Маяк – Broadcast» ЖШС (Алматы қ.) меценаттың қаражатына салынған спорт алаңы ашылды.

 

Ақтөбе облысы ТЖД

Ішкі және сыртқы коммунициялар тобы

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ақтөбе облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір