• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:43:44
Алматы
+35°

ШҚО-да жоғалып кеткен 7 жасар баланың мәйіті ауыл маңынан табылды. Бұл туралы облыстың полиция департаменті хабарлады.

Полиция мен еріктілер Алтай ауданы Зубовск ауылында 7 жасар Эдуардты бір тәуліктен астам іздеді. Ата-анасының айтуынша, баласы 29 тамызда әдеттегідей аулаға ойнауға, велосипед тебуге шыққан. Содан біраз уақыттан кейін жоғалып кеткенін білген. Кейіннен туыстары баланы өздері іздеп, таба алмай, 30 тамызда полицияның көмегіне жүгінген.

"30-шы тамызда іздестіру жұмыстары тоқтатылған. Баланың денесі Зубовск ауылының жанынан табылған. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар екені белгілі болды. Қазір жағдайды полиция өкілдері анықтап жатыр" делінген департамент хабарламасында.

Тәртіп сақшылары күдікті ретінде Зубовск ауылының 20 жастағы тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің "адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

– Тергеу барысында күдікті кінәсін мойындап, Алтай ауданының полиция бөлімшесінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, – дейді ШҚО полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір