• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 11:11:59
Алматы
+35°

Қара теңіздегі халықаралық теңіз айдыны үстінде әскери операциялар жүргізіп жатқан АҚШ әуе күштерінің "B-52" бомбалаушы ұшағы мен екі ресейлік "Су-27 Flanker" әскери ұшағы 28 тамызда өте жақын келген. 

АҚШ тарапы "Су-27 Flanker" әскери ұшағының  "В-52" бомбалаушысына өте жақын аралықта кес-кестеп бірнеше рет өткенін айтып, наразылық танытқан.

Вашингтон "Ресей ұшағы ұқсас биіктікте жақын келіп, бірнеше рет турбулент тудырды және америкалық соғыс ұшағының маневр жасау мүмкіндігін шектеді", бұл әрекеттер "қауіпті және кәсіби емес" деп Мәскеуді айыптаған.
Бұған дейін Ресейдің Қорғаныс министрлігі АҚШ бомбалаушы ұшағы Ресей шекарасына жақындағанын мәлімдеп, әуе нысанын анықтау үшін екі истребительді ғана жібергенін хабарлаған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ Ресей

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір