• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:36:40
Алматы
+35°

"49 жастағы Илон Масктың Forbes тізімінде тез көтерілуі жалғасты. Дүйсенбіде ол Facebook компаниясының негізін қалаушы Марк Цукербергтен  басып озды" деп хабарлады Bloomberg. 2020 жылы Tesla акциялары шамамен 500% қымбаттап, Масктың байлығы 87,8 миллиард долларға өскен. 

Bloomberg Billionaires индексіне сәйкес екі аптаның алдында ғана Илон Масктың байлығы 84,8 миллиард долларға бағаланып, әлемдегі төртінші бай адам болған. Ал, осы дүйсенбіде оның жекелік дәулеті 115,4 миллиард долларға жетіп,  байлығы 110,8 миллиард долларға бағаланған Марк Цукербергты басып озды.

Осылайша, Илон Маск Билл Гейтстен кейінгі орынға тұрақтап, ғаламшардағы үшінші бай адам болды.

Айта кетейік, Илон Маск наурызда Forbes тізімі бойынша әлемдегі дәулетті 30 адам қатарына кірмейтін. Оның жекелік дәулеті 20 шілдеде 74 миллирад долларға жеткен.  Bloomberg ақпараты Илон Масктың Forbes тізімінде "аққан жұлдыз жылдамдығымен" көтерілгенін мәлімдеген. Шілденің басында Масктың әлем бойынша жетінші бай болғаны хабарланса, арада бір апта өтер-өтпестен оның әлемдегі ең бай бес адамның қатарына қосылғаны жарияланды

Басылымның ақпаратына сәйкес, дүйсенбіден бастап Джефф Безос, Билл Гейтс және Илон Маск әлемнің ең бай үш адамы болды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Илон Маск

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір