Үндістан: Қытай біздің территорияға басып кірді

/image/2020/09/01/crop-9_6_336x575_indian-lac-troops-1329734.jpeg

Қытай мен Үндістан екі елді бөліп тұрған даулы бақылау сызығында тағы бір қақтығыстың шиеленісіне тап болды. Бұл туралы South China Morning Post хабарлады.

"Алайда адам шығыны немесе соғыс басталғаны белгісіз. Үндістан күштері Ладактегі Пангонг Цзо көліне жақын жерде болған оқиға Қытай әскерлерінің бір төбені басып алуға тырысуынан болған деп отыр" деп жазды басылым.

Нью-Делиден алынған дереккөз South China Morning Post-қа қытайлық әскерлер Үндістан аумағына кіргенін айтқан.

Үндістан армиясының өкілі полковник Аман Ананд қытайлық әскерлер бұрынғы келісімдерді "бұзғанын" және "арандатушылық әскери қимылдарды" жасағанын мәлімдеген.

Алайда, Қытайдың Сыртқы істер министрлігі өз әскерлерінің Үндістан территориясына кіргенін жоққа шығарды.

Баспасөз хатшысы Чжао Лицзян қытайлық әскерлерге арналған брифингте Үндістан мен Қытайды бөліп тұрған нақты бақылау сызығын "әрқашан қатаң сақтайды" деп мәлімдеген.

Сонымен қатар, Қытай өкілі Чжан Шуйли Үндістан жағындағы күштер нақты бақылау сызығынан өтіп, "Қытайдың аумақтық егемендігін айтарлықтай бұзды" деп мәлімдеді.

Соңғы сенбіге қараған түні болған оқиғаның егжей-тегжейлері туралы басқа ештеңе айтылмады.

Осы жылдың маусым айында Галван алқабы аймағында Қытай мен Үндістан әскерлері арасында болған үлкен қақтығыстан кейін 20 үнді сарбазы қаза тапқан.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар