• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:45:33
Алматы
+35°

Шетелдік БАҚ АҚШ президенті Дональд Трамптың денсаулығы сыр беріп, "бірнеше рет инсульт алғанын" хабарлады. Билл Клинтонның бұрынғы көмекшісі Джо Локхарт "Трамп инсульт алғанын сайлаушылардан жасырды" деп мәлімдеді. 

The Independent басылымы АҚШ президенті жүріп бара жатып екі рет сүрінгенін хабарлады. Британиялық газет "Вице-президент Майк Пенстің республикашылдар тарапынан номинациясын қабылдау туралы бейсенбі күнгі Балтиморда сөйлеген сөзінен кейін Трамп бір рет жығылып қала жаздаған. Содан кейін жұма күні кешке Нью-Гэмпширдегі әуежай кампаниясының жиналысы кезінде баспалдақпен көтерілгенде сүрінген" деп жазды.

Кейбір сыншылар Трамптың кей сөздерді дұрыс дыбыстай алмай сөйлеуін немесе тілін шайнап сөйлеуін байланыстырып, түрлі жорамалдар жасаған.

Бұрынғы президент Билл Клинтонның баспасөз хатшысы Джо Локхарт Twitter-де "@realDonaldTrump Дональд Трамп инсульт алғанын америкалық қоғамнан жасырып жүрген сияқты?" деп мәлімдеген.

Ал Нью-Йорк Таймс газетінің тілшісі Майкл Шмидттің Трамп туралы жаңа кітабында президенттің 2019 жылдың қараша айында Вальтер Рид ұлттық әскери госпиталіне күтпеген сапары туралы жазған. Онда Трамп госпитальде жансыздандыруды қажет ететін процедурадан өтуі керек болса, вице-президент Майк Пенс президенттік өкілеттіктерді уақытша алу мүмкіндігі жазылған. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Трамп

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір