• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 17:45:17
Алматы
+12°

Алматы қалалық Білім басқармасының жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Ақмарал Айтуарова оқушыларға онлайн білім беру кезінде үй тапсырмасы мейлінше аз берілетінін атап айтты.

– Оқушыларға үй тапсырмасы мүлдем берілмейді деген сөз жоқ. Тапсырманың көлемі мейілінше шектеледі. Негізі сабақта орындаған жөн. Бұл оқушы үшін де, мұғалім үшін де тиімді деп шештік, – деді ол.

Ол тамыз айында 15 мыңнан аса мұғалімнің Kundelik.kz, Bilimland.kz, Microsoft.Teams білім беру платформаларын оқу процесінде қолдану бойынша курстан өткенін атап өтті. 

Айта кетейік, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ата-аналардың дербес шешімі бойынша кезекші сыныптар ұйымдастырылатынын айтқан.

Сондай-ақ ол қашықтан оқыту бойынша екі негізгі бағытты атап өтті:

  • Арнайы интернет-платформалар арқылы оқыту. Платформалардың ыңғайына байланысты мектептер, қалалық, аудандық мектептер білім бөлімдері шешім қабылдады.
  • "Ел Арна" және "Балапан" телеарналары арқылы берілетін телесабақтар, қазір 9 сағатқа дейін эфир беріліп отыр

Оның айтуынша, сабақ ұзақтығы – 40 минут. Балалар бір кабинетте оқытылады. Сыныптарда дезинфекциялық шаралар жүргізілетін болады

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір