• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:59:31
Алматы
+35°

"Мен алматылықпын" қоғамдық бірлестігінің өкілі Константин Авершин, Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаевтың "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған бастамалар туралы пікірімен бөлісті.

"Біз Жолдауды тыңдадық. Бұл өте терең, мағыналы екені сезіледі. Мұндай нақты шараларды іске асыруда нақты қадамдар болатыны көрініп тұр. Мен өзім үшін арнайы түртіп алған тұстары бар. Екі жыл бұрын біз қала тұрғындары бюджет қаржысының қайда жұмсалатынын білуі тиіс деген мәселені көтердік. Мен бұл мәселені өзім көтердім, кейбір әріптестер мені қолдады. Қазір бұл тармақ енгізілгені өте қуанышты", - деді Константин Авершин.

Сондай-ақ, ол кәсіпкер ретінде МСб-қа қатысты бастамаларды қолдады.

"Мәселе шағын және орта бизнесті қолдау туралы айтылды. Іс жүзінде Алматы – шағын және орта бизнес қаласы. Біз бұл туралы бәрін білеміз. Бізде ресурстар жоқ, сондықтан бизнесті нақты қолдау керек. Жабайы тексерулерді тоқтату керек. Мен Алматы қаласының спорт лигасын басқарамын. Біз әрқашан бұқаралық спортты қолдап, қол жетімді үйірмелерді балалар үшін жасауға тырыстық. Бұл дұрыс мәселе, карантин кезінде адамдардың иммунитеті қатты төмендеді. Үйірмелер мен спорттық секциялар әркімге қолжетімді болу керек. Бұл барлығына қатысты. Біз өз балаларымызға инвестиция салуымыз керек. Бұл суицидтік көңіл - күйдің, тәуелділіктің, қылмыстың және т.б. алдын алу үшін қажет", - деді ол.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы Қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір